Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Жиында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

Әлемдегі саяси ахуалға ден қоюды тапсырған Елбасы сыртқы факторлар арасында АҚШ пен Ресейдің арасындағы санкция, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы және Сирия қақтығысын ерекше меңзеді. Осыған орай тиісті шаралар қабылдау қажет деді Елбасы.  

«Бірінші мәселе – Ұлттық қауіпсіздік жағдайын әсер ететін сыртқы факторлар. Сыртқа факторлардың не болып жатқанын барлығымыз білеміз. Екіншіден, Болашақта Қорғаныс саласындағы іс-қимылымыз қалай болу керек. Қазіргідей қатерлі шақта қандай шаралар қолдануымыз керек, қандай тәртіп болуы керек, қандай жоспарлар дайындадық, соларды талқылап, бүгін шешім қабылдайтын боламыз», – деді Қазақстан Республикасының президенті  Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Сонымен қатар, кеңесте Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев еліміздің Қарулы Күштерінің биыл өткізген әскери дайындығы мен қорытындыларын баяндады. Одан бөлек, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары жаңғырту мен өнімдерінің жаңа түрлерін игеру жөнінде ұсыныстар қаралды. Жиын соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеді.  


Новости партнеров