Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды

Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды
Иманғали Тасмағанбетов қызметіне 1 қаңтардан бастап кіріседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тоқаев Украина төңірегіндегі жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кездесуінде біздің Президент қалайда болсын келісімге келу керектігін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталған ұйымның Армения-Әзербайжан арасындағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудегі қадамдарын қолдап, екі елдің бейбіт өмір сүруі басқа мемлекеттерге де оң әсер етеді деді. Келелі кездесуде ұйымның бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағанбетов тағайындалды. Ол қызметіне 1 қаңтардан бастап кіріседі.

«Украина мәселесіне келер болсақ, бейбітшілік формуласын бірлесе қарастыратын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстамбұлдағы келіссөз раунды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі себептермен келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров