"Талибан" қозғалысы Қазақстанда тыйым салынған ұйым
Тәліптердің ойымен санасып, мәселені бейбіт түрде ынтымақтастық келісіммен шешу керек. Саясаттанушы Расул Жұмалы осылай дейді. Айтуынша, Ауғанстанға жақын орналасқан көрші елдерге дүрлігудің қажеті жоқ. Себебі олардың жоспарына сәйкес, жақын уақытта тәліптер басқа мемлекеттерге әскери қысым жасамайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар, саясаттанушының пікірінше, олардың елде дүлей соғыс бастағанына таң қалмау керек. Себебі 1996 жылы да дәл осындай көрініс қайталанған. Бұл жолғы шабуылдың ерекшелігі – соғыстың қысқа мерзім ішінде басталып кетуі, дейді Расул Жұмалы. Тәліптер Қазақстанда тыйым салынған ұйым.
«Кезінде 90 жылдары тәліптер билік басында болғанда, олар қатқыл режим орнатып еді орта ғасырлық. Көрші елдердің үрейін алған. Қазір енді сәл өркениетті мінез-құлық танытып отыр мәлімдемелеріне қарағанда. Өз ішімізде де біз қатқыл режим орната отырып десе де, кейбір жеңілдіктер жасаймыз, әйел адамдардың оқуына тағысын тағы деген сияқты мәлімдемелер жасап жатыр. Қаншалықты бұл мәлімдемелерде тұрады, қаншалықты уәделерін орныдайды енді бұл басқа мәселе», – деді саясаттанушы Расул Жұмалы.
Айта кетейік, Америка президенті Джо Байден Ауғанстаннан өз әскерлерін қайтарып алу туралы мәлімдеме жасаған еді. Содан кейін елде мамыр айынан бастап шабуыл үдей түскен.