|
25.02.2022 | 18:47
596

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді

Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Кездесу барысында олар сауда-экономикалық байланыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, екі ел арасындағы қатынастардың даму перспективаларын қарастырды. Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады. Мемлекет басшысы Армения премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.  

«Биыл біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанына 30 жыл толды. Бұл -– өте маңызды дата. Екі ел арасында жоғары деңгейлердегі ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді. Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалаймыз. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін Никол Пашинянға ризашылығымды білдіремін!», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Армения
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир