Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясында халықты қабылдады

Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясында халықты қабылдады
Кездесуде тұрғын үй беру, ескі үйлерді сүру мәселелері көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясында арызын арқалаған халықты кезекті рет қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі шаһар басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Кездесуге кезек күткен елдің арасында ұсыныс айтушылар саны көп. Мәселен, қоғам белсендісі Ербол Игембердиев мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығын құру туралы ой айтты.

«Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауында өтетін әр жаңа кездесу сайын қаланың түрлі саласын жақсарту бойынша ұсыныс айтушылар саны арта түсуде. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін оңалту орталығын құруға ниет білдірген қоғам белсендісі Ербол Игембергеновтың ұсынысын қолдауға дайынбыз», - деді әкім.

Ал кәсіпкер Қанат Өмірзақов әкімдікпен қауіпсіздікті және сандық жобаларды бірлесіп жасауға үмітті. Жалпы қабылдауға келгендерге заң шеңберінде көмек көрсетіледі.

«Кәсіпкер Қанат Өмірзақов қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрландыру жобаларын жүзеге асыруды бірлесіп атқаруға үмітті. Сонымен қатар, Жанат Арғынбаеваның Soundtrack Hits фестивалін жыл сайын өткізу жөніндегі ұсынысын қарайтын боламыз», - деді Б.Сағынтаев.

Кездесуде тұрғын үй беру, ескі үйлерді сүру мәселелері көтерілді.

Новости партнеров