|
27.07.2021 | 20:43
12939

Алматыда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өзінің сөзінде пандемияға қарамастан, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасып жатқанын айтты

Алматыда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті inform.kz

Алматыда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 шілдеде онлайн форматта Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабакумаровтың, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Ляззат Рамазанованың және Ұлттық комссия мүшесі, ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимованың әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия мүшелерімен кездесуі өтті.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өзінің сөзінде пандемияға қарамастан, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасып жатқанын айтты. Ағымдағы жылы «Бақытты отбасы» орталықтарында 26 706 өтінім берушіге ресурстық және консультациялық қолдау көрсетілді. Жеке тұлғаның өсуі, бала тәрбиелеу, көшбасшылық, отбасылық құндылықтар бойынша негізгі тренингтерге 2278 адам, білім беру курстарына - 3419 адам қатысты. Жыл басынан бері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 176 бала (3-тен 14 жасқа дейін) балаларды оңалту орталықтарына тегін жіберілді.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған қалалықтардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Isker Ana жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту және жеке бизнесін дамыту үшін 4 сауда орны, 5 тігін және кулинар цехы жұмыс жасауда, сонымен қатар Түрксіб ауданында Isker Anа сауда үйі ашылды. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 215 адам жұмысқа орналастырылды.

Отырысқа қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. «Дағдарыстық орталықтар одағы» ЗТБ басқармасының төрайымы Зульфия Байсакова, «Кеңес» ҚҚ-ның басшысы Майра Сүлеева, «Аналардың құқығын қорғау - AQ-ALEM» ҚҚ-ның Ақмарал Басирова, сондай-ақ Алматы қаласы жергілікті полиция қызметі Басқармасының бөлім басшысы Диас Дуанбеков отбасылық институтты нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған өз ұсыныстарын айтты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир