|
27.10.2020 | 19:17
6034

Мәжіліс сайлауы: 51 елде 66 сайлау учаскесі құрылды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді

Мәжіліс сайлауы: 51 елде 66 сайлау учаскесі құрылды открытые источники

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға орай әлемнің 51 елінде 66 сайлау учаскесі құрылды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, шет мемлекеттерге жеке шақырумен, жұмыс, іскерлік, туристік сапармен барған Қазақстан азаматтары жарамды төлқұжатымен сайлау комиссиясына жүгінген кезде сайлаушылар тізіміне қосылатын болады.

«Бұл тізімдерге тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарда жүрген және республика азаматының жарамды төлқұжаты бар барлық азаматтар енгізіледі. Тізім аталған өкілдіктердің басшылары ұсынған мәліметтер негізінде түзіледі. Дауыс беру күнінің алдындағы жағдайға сәйкес, тізім міндетті түрде нақтыланады», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир