Халықтың ұсыныстары мен пікірі ескерусіз қалмайды. Ақтауда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының Саяси кеңесінің отырысы өтті. Басқосуда партияның Елбасы тапсырмаларына сәйкес жұмыс істеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Күн тәртібінде екі мәселе көтеріліп, жиынға қатысқандар өз пікірлерін ортаға салды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Алқалы жиында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Серікбай Трұмов төрағалық жасады. Облыс белсенділерінің талқыға салған бірінші мәселесі Елбасының «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасы болды. Облыс әкімі алдымен халықтың ұсынысы мен пікірі міндетті түрде ескерілетінін мәлімдеді.
«Бүгінгі ұсыныстың барлығы соның шеңберінде айтылып жатыр. Қайтсек, осы біз сапалы қызмет көрсетеміз халыққа.Кешегі республикалық деңгейде Елбасының басшылығымен саяси кеңес өтті. Онда да тапсырмалар, осы ашықтық, бюджеттің айтып кеткен тиісті бірінші кезекте елге, халыққа қажетті мәселелерге жұмсалуы», – деді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰРЫМОВ.
Партияның облыстық филиалы да өз жұмысын Елбасы тапсырмаларына сәйкес жандандырады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Nur Otan» партиясының «Қазақстан - 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы болды. Мұндағы басты қағида «сөзден іске көшу». Сайлауалды бағдарламада берілген уәделер кезең-кезеңімен шешімін табады.
«Өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желілерде көп мәселе көтеріледі. Өкінішке орай оның барлығы нәтижесіз қалып қояды. Соның нәтижесіз қалмауы үшін, қазір басты қағидамыз «сөзден іске көшу». Сол қағидаға ұсыныс бердік. Қоғамдық қабылдауға келіп жатқан азаматтарымыздың және атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелердің барлығын цифрландырып, жүйелі жұмыс жасау. Ол де мен ойлаймын өз нәтижесін береді. Ол қалыптасқан жүйе. Дамыған мемлекеттерде, партиялардың тәжірибесінде бар екен», – деді «Nur Otan» партиясы республикалық саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Аббат ӨРІСБАЕВ.
Облыс әкімі Серікбай Тұрымов, жиын соңын Елбасы, Партия Төрағасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға маңғыстаулықтарды шақырды. Бұдан бөлек, сайлау кезінде белсенді жұмыс істеген штаб мүшелеріне мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыстады.
Азамат Әуезхан, Айдар Тұраров, «Алматы» телеарнасы