Қазақстанға АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен іс-сапармен келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Астана әуежайына бүгін түнде қонған еді. Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық дипломатқа АҚШ пен Қазақстан арасында байланыс орнағаннан бері өзара тиімді байланыс жолға қойылғанын айтты.
«Сіздің сапарыңыз стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Қауіпсіздік, энергетика, сауда және инвестиция секілді маңызды стратегиялық салалардағы сенімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарымыз өте жақсы. Сондықтан біз бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайынбыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Құрама Штаттардың тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастығымыз бен егемендігімізді тұрақты түрде берік қолдап келе жатқаны үшін ризашылығымды білдіргім келеді», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елдің СІМ Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын кездесті. Мұнда келуінің себебі С5+1 форматындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған форумға қатысу еді. Басқосуда Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдерінің Сыртқы істер министрлері бар. Мұхтар Тілеуберді жиын басында келген дипломаттарға алғыс айтып, Энтони Блинкеннің келуін жақсылыққа жорыды. Екі елдің арасындағы ынтымақтастық одан ары нығаятынына сенетінін жеткізді.
«Бұл басқосудың Астанада өтуі маңызды. Осындағы азаматтар өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін білдіртті. Қазақстан өзінің көпвекторлы және теңгерімді сыртқы саясатын жалғастырады. Осыған байланысты Орталық Азия да, АҚШ да біз үшін басты басымдық болып табылады. Бұл кездесудің Қазақстан үшін маңызды іс-шара екенін айтқым келеді», – деді ҚР СІМ Мұхтар Тілеуберді.
Қазақстанның СІМ бүгінгі басқосу нәтижелі болғанын айтты. Ал Энтони Блинкен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқанын айтып, қолдайтынын жеткізді.
«Шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бүгінгі басқосу нәтижелі болды деп есептеймін. Біздің арамызда мықты серіктестікті дамыту маңызды. Қазақстанды бірінші болып мемлекет ретінде таныған Америка еді. 1991 жылдан бері біз Қазақстанды еркін, шекарасы бекітілген тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаймыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылы бастаған реформаларын қолдаймыз. Президент мерзімділігін шектеу, адам құқығын қорғау және есеп беретін Үкімет бастамасын біз қолдаймыз. Қазір Қазақстан біз үшін маңызды серіктес», – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
Айта кетейін, Блинкен Астанадан кейін Ташкентке барып, Өзбекстан басшылығымен кездеседі. 1 наурызда G20 елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысу үшін Үндістанға ұшады.
Оқи отырыңыз: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады