Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді.
«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», – деді Қазақстан Президенті.