|
22.02.2019 | 19:44
2359

Алматы мемқызметкерлері 14,5 мың шаршы метр аумақты босататын болды

Артық алаңды ең көп иемденген Мемлекеттік кірістер және Төтенше жағдайлар департаменттері екені анықталған

Алматы мемқызметкерлері 14,5 мың шаршы метр аумақты босататын болды

Алматының мемлекеттік қызметкерлері оңтайландыру нәтижесінде 14,5 мың шаршы метр аумақты босатады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Нормаға сәйкес, жергілікті атқарушы орган басшыларының кабинеті 30, ал олардың орынбасарларының кабинет ауқымы 20 шаршы метрден аспауы тиіс. Қызметкерлердің кабинеті 7,5 шаршы метр болуы қажет. Артық алаңды ең көп иемденген Мемлекеттік кірістер және Төтенше жағдайлар департаменттері екені анықталған. 

«Аталған ескертулер бойынша барлық мемлекеттік органдарға алдын ала нәтижелер туралы есеп беру үшін наурыз айының ортасына дейін уақыт бердік. Әрине, мұның бәрі де қаржыға келіп тірелетінін түсінеміз. Бірақ бұдан не ұтатынымызды есептедік. Біздегі осы аймақты оңтайландырудың арқасында экономикалық тиімділікке қол жеткіземіз, яғни, 230 млн теңге үнемдейміз», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай ӘЛІМХАН.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир