Президент Үкіметті отставкаға жіберетінін мәлімдеді

Президент Үкіметті отставкаға жіберетінін мәлімдеді
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің отставкаға кетуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің айтуынша, бұған дейін еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты болып келді. Бұл сөзсіз, оң әсерін тигізді.  Дегенмен, бұл әсер дәл қазіргі сәт үшін жеткіліксіз.

«Енді жаңа Үкімет басшылығы өмір сүру деңгейін жақсарту, экономиканы ынталандыру және стратегиялық мақсаттарды іске асыру үшін тиімді қадамдар жасауы керек. «Нұр Отан» партиясының 27 ақпанда өтетін кезекті съезінде әлеуметтік қолдауды күшейту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынамын», деді Елбасы.

Ол үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаражат бөлінетін болады деді Мемлекет басшысы.  Ұлттық қордан қарастырылатын  қаражат келесі міндеттерге бағытталады: әуелі, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту. Екіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Үшіншіден, аймақтық даму саясатындағы маңызды өзгерістер. Сондай-ақ, Үкіметтің жұмысы барлық деңгейдегі әкімдерге бағытталуы тиіс деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Новости партнеров