|
24.04.2020 | 19:45
6250

Әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін – Елбасы

Елбасы жаһандық сын-қатер айналасындағы жағдай өте күрделі екенін атап өтті

Әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін – Елбасы elbasy.kz

Қазақстанның қазірден бастап қабылдаған уақтылы және нақты іс-шаралары қиын кезеңді сәтті еңсеру жолында маңызды болады. Бүгін Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында осылай айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнеконференция режимінде өткен отырыста коронавирус эпидемиясымен күрестің, экономиканы қалпына келтіру мен мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының стратегиялық мәселелері қаралды. Елбасы жаһандық сын-қатер айналасындағы жағдай өте күрделі екенін атап өтті.

«Бұл вирустың салдары әлемдік экономиканың өмірлік маңызды жүйелеріне ықпал етеді. Халықаралық валюта қорының сарапшылары бұл жағдайды Ұлы дағдарыспен салыстырып, «Ұлы карантин» деп атады. Олардың мәліметінше, 170 елде жан басына шаққандағы табыс қысқарады. Бәрінен бұрын әлсіз экономика зардап шегеді. Бұл тоқсанда сарапшылар пандемия мен экономикалық дағдарыстың бір уақытта шарықтайтынын болжады. Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өнеркәсіптік өндірістің ең төменгі құлдырауы болады», – деді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қиын кезеңді еңсеру үшін Қазақстанның қазір жасап жатқан шараларының шешуші маңызға ие болатынын баса айтты. Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев жақында әлем елдерінің қиын сынақтарға тап болатынын, Қазақстан да бұл мәселелерден шет қалмайтынын атап өтті.

«20 сәуір күні тарихта алғаш рет мұнай бағасы кері кетті. Әлемдік нарықта теңгерім жоғалды. Пандемия мен өндірістік құлдыраудан кейін жаһандық қаржылық дағдарыс болады деп болжанған. Келесі кезең – әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Бұл бірқатар шиеленіс пен қарабалас туғызады. Мұның бәрі біздің елді айналып өтпейтіні анық», – деді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир