Президенттік сайлауға қатысатын сегіз үміткердің төртеуіне дауыс жинау қағазы табыс етілді

Президенттік сайлауға қатысатын сегіз үміткердің төртеуіне дауыс жинау қағазы табыс етілді
Үміткерлер 11 мамырға дейін жеке штабы мен қорын жасақтап үлгеруге міндетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымдағы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысатын сегіз үміткердің төртеуіне дауыс жинау қағазын табыстады. Олар алдағы 6 күнде өз кандидатурасын қолдайтындығы туралы 118 мыңнан артық қол жинау тиіс, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл науқан еліміздің 12 облысы мен республикалық маңызы бар қалаларында өтеді. Әр үміткер қолдаушылардың дауысын жинау үшін аймақтарда өзінің сенімді тұлғасын бекітуі тиіс. Мамандар бұл қызметке кімнің тағайындалмайтынын да айтты.

«Біріншіден, саясатта жүрген адамдар немесе мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, Орталық және аймақтық сайлау комиссия өкілдері, сонымен қатар, мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдеріне де бұл істі тапсыруға болмайды» – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ақылбек ИХДАНОВ.

Жиналған қолдау қағаздары алдымен аудандарда толық тексеріледі. Жергілікті мамандар барлығы дұрыс деп шешсе, құжаттар облыстық комиссияға жөнелтіледі. Қолдау білдіргенді дәлелдейтін құжатты екінші кезеңнен өткен бойда Орталық комиссия қабылдап алады. Тек осы шарадан кейін ғана президенттікке кандидаттар нақты тіркеледі. Ол үгіт-насихат жұмыстары басталатын кезең - 11 мамырға дейін жеке штабы мен қорын жасақтап үлгеруге міндетті.

Новости партнеров