Adal партиясы AMANAT партиясына қосылуды ұйғарды

18.03.2022 00:55

Бұл туралы саяси ұйым төрағасы Серік Сұлтанғали партияның ІХ съезінде мәлімдеді

Almaty.tv

«Адал» партиясы Президент Жолдауынан кейін «Аманат» партиясына қосылуды ұйғарды. Бұл туралы саяси ұйым төрағасы Серік Сұлтанғали елордада өткен Adal партиясының ІХ съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі құбылмалы жағдайда партияларға бөлінуге болмайды. Аймақтардағы мүшелері бұл шешімді бірауыздан қолдаған.

Айта кетейік, бүгінде партия құрамында 300 мыңнан астам адам бар.  

«Еліміздің тыныштығына, еліміздің экономикасын көтеруге, еңсемізді көтеруге бар күшімізді салып, «Аманат» партиясымен бір жұдырықтай жұмыс істеуге шешім қабылданды. Барлығын түсініп отырмыз. Қазіргідей жағдайда «сен анау партиясың», «мен мынау партиямын» дейтін заман емес. Жолдауды өте мұқият тыңдадық. Сондықтан бүгін осындай шешім қабылдадық», - деді Adal партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали.