Саясаттанушы: Азаматтық қоғамға деген сенімділікті нығайту мен сот билігінің дербестігі – Мемлекет басшысының назарында

Саясаттанушы: Азаматтық қоғамға деген сенімділікті нығайту мен сот билігінің дербестігі – Мемлекет басшысының назарында
Мемлекет басшысының айқындап берген мәселелері көбіне басқару органдарының ашықтығы мен парламентте көппартиялы жүйені қамтамасыз етуге бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Президентінің алдағы уақытта атқарылуы тиіс деген жобалар түрлі сала мамандарының көңілінен шыққан. Себебі бүгінгі айтылған әңгіме әуелі ел дамуы мен әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған дейді. Бұл халық пен биліктің арасындағы сенімді нығайтады деген пікір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жалпы демократияның бірден-бір элементінің бірі – ол тағайындалу емес, сайлану. Яғни, жергілікті атқару органдарының осы ең төменгі сатысынан бастап келесі жолы аудандық әкімдерді одан кейін облыстық әкімдерді қалалық әкімдерге өтеді деп ойлаймыз. Бұл жерде әрине Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықаралық қатынастардағы үлкен тәжірибесінің көрсеткіші», – деді саясаттанушы  Дархан Малбақов.

«Ең бірінші ойы – Президентіміздің, мемлекетіміздің қасына бәріміз бірігіп, мықты мемлекет құруымыз керек. Биыл 30 жасқа толады. Жас қой біздің мемлекетіміз. Жас мемлекет. Жас лидерлер. Осы жас парламент десек те болады», – деді заң ғылымдарының докторы, профессор Алуа Ибраева.

Саясаттанушы Шыңғыс Ергөбектің сөзінше, мемлекет басшысының айқындап берген мәселелері көбіне басқару органдарының ашықтығы мен парламентте көппартиялы жүйені қамтамасыз етуге бағытталған.

«Саяси реформа бағытындағы жүзеге асырылатын саяси партияларға байланысты парламентке өтудің межесін 5 пайызға дейін түсіру. Азаматтық қоғамға деген сенімділікті нығайту, сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бізде үнемі Мемлекет басшысының назарындағы мәселелердің бірі екені айқын сезілді», – деді саясаттанушы Шыңғыс Ергөбек.

Новости партнеров