Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №4 Жарлығына сәйкес, 2023 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына сайлау тағайындалды, «Almaty «Телерадиокомпаниясы» АҚ - желілік басылымның меншік иесі «Almaty.TV» (бұдан әрі-сайт), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарды (бұдан әрі-Кандидат) 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған сайлауға қатысушылардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін телеарна сайтында интернет алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы (бұдан әрі – үгіт материалдары) хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күніне дейінгі күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша үгіт 2022 жылдың 24 желтоқсанында жергілікті уақыт бойынша 18:00 - ден кейін басталып, 2023 жылдың 13 қаңтарында 00:00 сағатта аяқталады. Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт материалдарын сайтта орналастыруға арналған жазбаша өтініштер тіркелген Кандидаттардан 2022 жылдың 24 желтоқсанында сағат 18:00-ден кейін жүзеге асырылады және 2023 жылдың 12 қаңтарында сағат 00:00-ге дейін Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі, 88а үй, 211-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Қабылдау уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін күн сайын қабылданады. Факсимильді және интернет байланысы арқылы жазбаша өтініштер қабылданбайды.
Материалдарды телеарна эфиріне орналастыру тәртібі мен шарттарын мына сілтеме арқылы таныса аласыз.