Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Айта кетейік, 2021 жылғы 12 қарашада Ыстанбұлда өткен Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде Түркі кеңесінің атауы Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Виктор Орбанды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады