Ресми мекемелер жұмысын жеңілдететін Ұлттық қоғамдық кеңес құру ұсынылды

Ресми мекемелер жұмысын жеңілдететін Ұлттық қоғамдық кеңес құру ұсынылды
Президент ұсынған бастама халықтың мұң-мұқтажын, тілек-арманын тез біліп отыру үшін қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – заман талабы. Бүкіл әлем халықпен. қоғаммен шұғыл тілдесу форматына ауысып жатыр. Осындай ойды «Болашақ» Корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Төрайым Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастама халықтың мұң-мұқтажын, тілек-арманын тез біліп отыру үшін қажет деген пікірде.

«Кейде барлық ұйымды бір үстел басына жинау мүмкін болмай жатады. Ал кеңес барлық жағдайды оңай және тез шешуге етуге ықпал етпек. Бұл сондай-ақ ресми органдардың жұмысын жеңілдетеді», – дейді «Болашақ» Корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы.

Ал, «Қаһарман Ұрпақ» қоғамдық қорының президенті Қайрат Елубаев кеңеске ақсақалдар, түрлі сала мамандары мен аймақтан ел-жұрт танитын беделі бар азаматтар енуі тиіс деген ойда. Сондай-ақ қор басшысы билік айтылған сыннан қорықпауы керек дейді.

«Бұл – біздің қазақ еліне керек нәрсе. Негізі халқымыз президентпен тікелей араласуы керек. Бұл жерде мемлекет айтылып жатқан сын мен ұсыныстарға құлақ салып, тыңдау керек. Одан қорықпау керек», – дейді Қайрат ЕЛУБАЕВ

Новости партнеров