|
09.07.2021 | 20:30
1631

Бэлла Ғадзиева: Ауыл әкімдерін сайлау – елде демократиялық қоғам құруға жасалған маңызды қадам

Сайлау өткізу үлкен жауапкершілік

Бэлла Ғадзиева: Ауыл әкімдерін сайлау – елде демократиялық қоғам құруға жасалған маңызды қадам liter.kz

Ауыл әкімдерін сайлау – елде демократиялық қоғам құруға жасалған маңызды қадам. Бұл Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бэлла Ғадзиеваның пікірі. Оның сөзінше, ауыл-аймақтарда жергілікті өзін басқару жүйесінің рөлі күшейеді. Сайлау өткізу үлкен жауапкершілік. Сондықтан халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек деп санайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сайлаудың маңыздылығын, халықтың қандай құқығы бар екенін ел арасында түсіндіру керек. Бұл жерде тұрғындар да демократия дегеніміз тек құқық қана емес, жауапкершілік екенін де түсінуі тиіс. Сондай-ақ, әкім болуды қалайтын үмкіткерлер де жауапкершілікпен қарау керек. Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға көңіл бөліп отыр. Қала мен даладағы коммуналдық, әлеуметтік және жер мәселесін шешуді бақылауына алды», – деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Бэлла Ғадзиева.

Ал, Атырау өңірінде кандидаттар тізімі артып, сайлауға дайындық қызу жүргізіліп жатыр. Халықтың саяси белсенділігі жоғары. Өңірде партиялар да өз үміткерлерін ұсынуда.

«Біз енді үміттенеміз, осы саяси дода, осы саяси науқан қазіргі қазақстандықтардың, оның ішінде атыраулықтардың, Атырау ауылдары тұрғындарының үмітін ақтайды деп. Сондықтан біз осы сайлаудан үлкен үміт күтеміз. Негізінде осы сайлаудың қортындысы бойынша үлкен өзгерістер және де әлеуметтік мәселелер... өзінің шешімін табады», – деді тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы Сайпулла Сапанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир