«Жазаны қатаңдату керек»: Тоқаев пен Назарбаева не туралы сөйлесті?
Қасым-Жомарт Тоқаев сенат төрағасын қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Дариға Назарбаева Мемлекет басшысына сенаттың қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, оның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлар туралы айтып берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі тарату, әсіресе интернет арқылы тарату үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Президент қол астындағы қызметкерлердің жемқорлық жасағаны үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өткен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76 пайызы жауды
11.11.2026 21:48