Елбасы Ауған көшбасшысына жылы лебіздері мен тілектері үшін алғысын білдірді
Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани коронавирус жұқтырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, телефон арқылы байланысқан екі тарап өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады.
Ашраф Ғани Қазақстанның Ауған еліне көрсеткен гуманитарлық көмегі мен ислам елінің экономикасын қалпына келтірудегі қадамдарына жоғары баға берді. Ал, Елбасы Ауған көшбасшысына жылы лебіздері мен тілектері үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл де Елбасыға қолдау білдіріп, тез арада сауығып кетуін тіледі.
Православтық шіркеудің басшысы жаратушыға сыйынып, Елбасыға әлі де Қазақстан үшін игі істері жасауға күш беруін сұрапты.