Халық үніне құлақ қоятын саяси жүйе қалыптасқаны жөн. Бұл – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Хангелді Әбжанов пікірі. Оның айтуынша, сайлауда жаңа тұлғалар шығып, нақты мәселелер шешілуі тиіс.
«Сайлауға жаңа партиялар, жаңа адамдар да қатысады. Жаңа тұлғалар шығады деп ойлаймын. Қазақстанның әділ, халық үніне құлақ қоятын саяси жүйе қалыптасқаны жөн. Бізге нақты іс қажет. Нақты нәтиже керек. Нақты мәселелер шешілуі тиіс. Мен ойлаймын, келе жатқан жаңа сайлау, жаңа Мәжілістің қалыптасуы, осыған қолғабыс тигізеді. Шәкәрім «Қозғалыс, қозғалысқа керек қолғабыс» деп айтқан ғой. Реформа дегеніміз – қозғалыс. Соған қолғабыс болатын жаңа Парламент Мәжілісі сайлануы керек. Онсыз бір орында тоқырап қаламыз. Жаңа есімдер шықпаса, жаңа идеяға да ие бола алмай қаламыз. Уақыты келді», – деді тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Хангелді Әбжанов.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Қазақстан мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын атап өткенін еске салайық.