Заңды қалыптастыруда Парламент Мәжіліс депутаттарының орны ерекше - Байғали Есенәлиев

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Депутатқа кандиданттардың ішінен өз қалауымызды таңдап алу үшін біршама өзгерістер енді. Осылай деген Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев елдегі тәртіпті орнатып, заңды қалыптастыруда Парламент Мәжіліс депутаттарының алатын орны ерекше деп атап өтті.

«Елсіз – тәртіп болмайды, тәртіпсіз – ел болмайды. Тәртіп дегеніміздің өзі заң. Ал заңды қалыптастыру, дамып бара жатқан елден кейін қалып қалу – Қазақстан үшін, республика үшін сын. Бұл тұрғыда Парламент Мәжіліс депутаттарының алатын орны ерекше. Депутатқа кандиданттардың ішінен  өз қалауымызды таңдап алу үшін біршама өзгерістер енді және жағымды өзгерістер.

Өзін-өзі ұсынуға адамның мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қимыл-қозғалыссыз қалып қойған кейбір қоғамдық ұйымдар сайлауға өз адамын ұсына алмайды, алып тастап отыр. Оның өзі де үлкен құбылыс. Бұл көпшіліктің, республика жұртшылығының пікірімен санасу деп ойлаймын. Сайлауға қатысуға отандастарымды шақырамын», – деді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин алдағы Қазақстан мәжілісі мен мәслихаты депутаттарын сайлаудың негізгі он жаңалығын атап өткенін еске салайық.

Новости партнеров