Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды

   Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылсын», - делінген құжатта.

Қазақстан президентінің әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуге, өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына кеңестің құрамы мен кеңес туралы ережені енгізу тапсырылды.  

Мемлекет басшысы хабарлағандай, жаңа орган билік пен қоғам арасында диалог орнату үшін құрылады.

Кеңеске жастарды қоса алғанда барлық қоғам өкілдері кіреді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 2019 жылдың тамызында өтеді деп жоспарланып отыр.  

Новости партнеров