Алматы азаматтық альянсы «Сайлауды әділ әрі адал бақылау» туралы Хартияны қолдайды

Алматы азаматтық альянсы «Сайлауды әділ әрі адал бақылау» туралы Хартияны қолдайды
Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков байқаушыларды дайындау мәселесінің өзектілігіне тоқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы азаматтық альянсы «Сайлауды әділ әрі адал бақылау» туралы Хартияны қолдайды. Бүгін үкіметтік емес ұйым өкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, сайлау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ететін бұл жұмыстарға біріге жұмылатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бақылаушылар мектебінің жетекшісі Александр Братенков байқаушыларды дайындау мәселесінің өзектілігіне тоқталды. Олар сайлау процесінің, оның қорытындыларының заңдылығын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі. Саяси науқанды қадағалайтын Азаматтық альянс еріктілері арнайы білікті заңгерлерден дәріс алып, сайлау туралы заңды егжей-тегжейлі түсініп, өз құқықтарын толық меңгеріп шығады.

«Штаттан тыс жағдай болан кезде өздерін қалай ұстау керек? Дауды қалай болдырмау керек? Немесе дауласушы біреу ренішімен, қарсылығымен келген жағдайда онымен коммуникацияға қалай түсу керек? Сол туралы көбірек айтылып жатыр? Кез келген жағдайда бақылаушылар өздерінің құқығын толығымен біле отыра, қандай жағдайда не істеу керек екенін, сол туралы көп жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Азаматтық альянсының мүшесі Жанділдә Жақыпов.

Новости партнеров