|
15.12.2020 | 22:49
6247

Партиялар атынан сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысатын кандидаттар бекітілді

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды

Партиялар атынан сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысатын кандидаттар бекітілді Almaty.tv

Партиялар атынан сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысатындар бекітілді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар телевизиядағы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы. Белгілі болғандай, телеарнадағы пікірталасқа регламент бойынша 80 минут берілген.

«Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарының 4-тармағына сәйкес, Ортсайлауком пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде телеарнаны айқындайды және оларды партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың пікірсайыстарын өткізу күні, уақыты мен орны туралы жазбаша хабардар етеді», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Анастасия Щегорцова.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар арасында да пікірсайыстар өткізіледі. Сайлау туралы заңнамада Орталық сайлау комиссиясымен де, сондай-ақ мәслихаттағы сайлауды ұйымдастыру кезінде тиісті комиссиялармен де дебаттар ұйымдастыру жайында айтылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир