Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Украина тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Украина төңірегіндегі ахуал бойынша пікір алмасты», - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы әскери іс-қимылдарды тоқтату және одан әрі болдырмау үшін келіссөздер барысында уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айтты.
Мемлекеттер басшылары екі елдің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға келісті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34