Астанада Италия мәдени орталығы ашылады

Ақорда
Ақорда

Италия президенті екі елдің жоғары басшылығы арасындағы кездесу жиі өтетіндігін айтып, жүзбе-жүз кездесуі үшін ризашылығын білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана Италия мәдени орталығы ашылады. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Италия Президенті Серджо Маттарелла айтты.

"Мәдени тұрғыда университеттер, жалпы білім саласында нақты ынтымақтастығымыз бар. Италия Астанада өзінің мәдени орталығын ашады. Шын мәнінде бұл - Азия өңіріндегі алғашқы мәдени орталық болмақ. Осы орайда бізге қолдау білдіргеніңіз үшін ришалығымды білдіремін. Сонымен қатар елорда көшелерінің бірін Марко Полоның құрметіне орай атау бастамаңыз біздің өзара қарым-қатынасымызды жалғастыруға деген бейіліңізді білдіреді", — деді мәртебелі мейман. 

Италия президенті екі елдің жоғары басшылығы арасындағы кездесу жиі өтетіндігін айтып, жүзбе-жүз кездесуі үшін ризашылығын білдірді. 

"Шындығында мен үшін сізбен сөйлесу өте құнды мүмкіндік. Сонымен қатар Премьер-министр Мелонидің сапары, өзіңіз басшылық басаған «Орталық Азия-Италия» кездесу жайында айтқаныңыз да аса маңызды. біз мұның бәрін жоғары бағалаймыз. Және де өзара қарым-қатынасымызды күшейте түсу үшін қосымша мүмкіндіктер бар деп ойлаймыз", — деді Серджо Маттарелла.

Айта кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды. 

 

Новости партнеров