Астанада «Орталық Азия - Қытай» ІІ саммиті өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Жиында Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Астанада «Орталық Азия - Қытай» ІІ саммиті өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстанның президенттері мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қатысады. Жиында Орталық Азия басшылары мен Қытай төрағасы ықпалдастық мәселелерін талқыға салады.

Биыл екінші рет өтейін деп отырған саммитте президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасады деп жоспарланған. Сарапшылар Орталық Азия мен Қытай арасындағы өзара байланыс жаңа деңгейге шыққанын айтты. 2023 жылы Сиань кездесуінде сауда, инфрақұрылым, көлік, цифрландыру салалары бойынша маңызды келісімдерге қол қойылып, Сиань декларациясының қабылдануы – соның айғағы.

«Орталық Азия – Қытай» форматы бүгінде стратегиялық серіктестіктің жаңа дәуіріне жол ашып отыр.  Қытай – Қазақстанның ең маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Екіжақты қарым-қатынастың басым бөлігін экономикалық әріптестік құрайды. Былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 44 миллиард долларға жуықтаса, биыл тауар айналымы 8,6 миллиард долларға жеткен. Қазір бізден Қытайға мұнай, мыс, уран, ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады. Ал көршіден бізге көлік, тұрмыстық техника, киім-кешек пен тамақ өнімдері жеткізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға сапармен келген Қатай төрағасымен келіссөз жүргізіп, нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, Тәуелсіздік сарайындағы баспасөз-орталығында жиналған қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері әлемге ақпарат таратуға сақадай сай отыр.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Әуезов атындағы театрдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты

Новости партнеров