Мемлекет басшысы Черногория президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
27.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31