Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
пресс-служба Акорды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Almaty.tv.
"Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін", – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Оқи отырыңыз: Президент Сбербанктің басқарма төрағасын қабылдады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37