Мемлекет басшысы Израиль Президентіне Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады

27.01.2026 10:04
пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv. Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстан халқы Холокост жылдарында қаза болған миллиондаған жазықсыз құрбанды еске алатынын атап өтті.

"Еліміз этникалық және діни өшпенділік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрін қатаң айыптайды, адамзатқа қарсы мұндай қылмыстың қайталануына жол бермеу жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың ортақ күш-жігерін қолдайды. Қазақстан Холокост жылдарында жер аударылған көптеген еврейге мекен болды. Бүгінде еврей қауымдастығы қоғамымыздың ажырамас бөлігі саналады", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Президент Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды