Президент қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтқан Путинге алғыс білдірді

25.09.2026 09:06
Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті. 

Толық көрсету