Қасым-Жомарт Тоқаев Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

28.11.2025 19:53

Мемлекет басшысы албан халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

«Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөз жүргізді