Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия президентін Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы президент Александр Ван дер Белленге ізгі сәлемін жолдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Беате Майнль-Райзингер мен Герхард Карнер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Президент Александр Ван дер Белленнің ыстық ықыласын жеткізді, деп хабарлайды  Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Біздің сапарымыз дер кезінде ұйымдастырылды. Қазақстан –Орталық Азиядағы экономикалық тұрғыдан ғана емес, саяси жағынан да маңызды серіктесіміз. Біз қауіпсіздік, көші-қон салалары бойынша тығыз әрекет етеміз. Өзіңіз атап өткеніңіздей, көпжақты алаңдарда да бірлесіп жұмыс істейміз. ЕҚЫҰ министрлер кездесуіне қатысқан Қазақстанның сыртқы істер министрін Вена қаласында қабылдағаныма қуаныштымын. Өйткені біз еліңіздің аталған Ұйымдағы көшбасшылық позициясын жоғары бағалаймыз, – деді Аустрияның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Беате Майнль-Райзингер.

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Президент Александр Ван дер Белленге ізгі сәлемін жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия көшбасшысын өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады.

Оқи отырыңыз: Президент Аустрияның үкімет мүшелерін қабылдады

Новости партнеров