Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты
Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігі жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды.
Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді.
Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазды.
Екі елдің көшбасшылары елшілік аумағына ағаш көшетін екті.
Оқи отырыңыз: Эмомали Рахмон: Достас қазақ елінің елеулі табыстары мен абырой-беделінің асқақтауы қуантады