Сондай-ақ тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
2. БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Экстрадициялау туралы шарт;
4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;
6. Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;
7. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
8. Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
9. Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
10. Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
13. Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
14. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
16. Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;
17. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальді активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
18. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
19. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
Салтанаты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек, тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Президентін Исламабадта ыстық ықыласпен қарсы алды