Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары басталды

28.10.2026 20:00

Ресми сапар барысында Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады
 

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді", — делінген хабарламада.

Ресми сапар барысында Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Петр Павелді Чехия Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Толық көрсету