Қазақстан мен Иран президенттері бір-біріне құттықтау хат жолдады
Depositphotos.com
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Иран Ислам Республикасының президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.
Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.
Оқи отырыңыз: Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10