Қазақстан мен Кения Президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады
Ақорда
Мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегациялар бірнеше құжат алмасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кения Президенті Уильям Руто Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлағандай, мемлекет басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері келесі құжаттармен алмасты:
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кения Республикасы Ақпарат, коммуникациялар және цифрлық экономика министрлігі арасындағы ICT және электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Кения Республикасы Жол және көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кения Республикасы Туризм және жабайы табиғат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Самұрық-Қазына» АҚ мен Мемлекеттік тау-кен корпорациясы (NAMICO) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Кения ғарыш агенттігі арасындағы жерді қашықтықтан зондтау, ғарыш жүйелерін дамыту және ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Найроби халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Кения Президентінің мемлекеттік сапары барысында келесі құжаттарға да қол қойылды:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Кения Республикасының Сыртқы қызмет академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- «Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы» ЖШС мен Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Kenya Investment Authority арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Кения Республикасы Экспортты ілгерілету және брендинг агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Кения президентіне І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34