Қазақстан мен Кипр бірқатар маңызды құжатқа қол қойды

03.06.2026 16:48

Екі елдің басшылары маңызды келісімдер пакетін бекітті

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері келесі ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Атап айтқанда:

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Кипр Республикасы Зерттеу, инновациялар және цифрлық саясат кіші министрлігі арасында ақпараттық коммуникациялық технологиялар, электрондық үкімет, ғарыш қызметі және киберқауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кипр Республикасы Мәдениет кіші министрлігі арасында мәдени ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;  

3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, мәдениет, спорт және жастар министрлігі арасында білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;  

4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Кипр Республикасы Білім, спорт және жастар министрлігі арасында спорт саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;  

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасы мен Кипр Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы инвестициялық және іскерлік перспективаны нығайту бойынша ынтымақтастық туралы келісім.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады