Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарысын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Ақорда
Ақорда

Жолбарыстарды бақылап отыру үшін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.  

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.  

Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосады.

Оқи отырыңыз: Астана – Мәскеу жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Новости партнеров