Қазақстан мен Жапония құны 3,7 млрд доллардан асатын алпыс құжатқа қол қойды

Ақорда
Ақорда

Президент Жапонияның Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді", - деп атап өтті Президент.

Оның айтуынша, Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі.

"Жапонияның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз.

"Орталық Азия – Жапония" форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Президент «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі

Новости партнеров