Қазақстанда Ресей университеттерінің тоғыз филиалы табысты қызмет істеп жатыр

Ақорда
Ақорда

Онда төрт мыңға жуық студент білім алады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан — Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Ұлы Абай: «Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі» деп жазған болатын. Президенттің сөзінше, бұл сөз әлі де өзекті.

Ресейдің жоғары оқу орындары, Ресейдің ғылымы әлемдік ғылым-білім прогресінде көптеген көрсеткіш бойынша көш бастап келеді.

 «Екі елдің жоғары оқу орындары арасында қос дипломды бағдарламаны және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыруды қарастыратын 1453 келісімшарт жасалған.

Қазақстанда Ресей университеттерінің тоғыз филиалы табысты қызмет істеп жатыр. Онда төрт мыңға жуық студент білім алады.

Әсіресе, құрметті Владимир Владимирович, сонау 2001 жылы Сіздің тікелей араласуыңызбен ашылған Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалын айрықша атап өтуге болады.

Сонымен қатар Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының бөлімшесі жұмысын бастады.

Ресейде Қазақстан университетінің алғашқы өкілдігінің ашылуы біз үшін елеулі уақиға болды. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жемісті жұмыс істей бастады», - деді Мемлекет басшысы.

 

Новости партнеров