Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысына 9 мыңға жуық маман тартылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Мемлекет басшысы бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті форумда сөйлеген сөзінде атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие екенін атап өтті.

«Қазақстан «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен бірінші атом электр стансасының құрылысына кірісті.  Технологиялық әрі ғылыми тұрғыдан күрделі бұл жобаны табысты жүзеге асыру жоғары санатты кәсіби мамандарға тікелей байланысты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуыншща, АЭС құрылысына алты мыңға жуық жұмысшы және үш мыңнан астам орта буын маманы жұмылдырылады.

«Бейінді мамандарға сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан атом саласындағы кадр әлеуетін күшейту Қазақстан үшін аса маңызды сипатқа ие», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бұл мәселені шешуде ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ерекше мән берілетінін айтты.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті филиалының ашылуы – соның айқын дәлелі», - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда Ресей университеттерінің тоғыз филиалы табысты қызмет істеп жатыр

Новости партнеров