Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті ресми сапармен келеді
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады
5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың хабарлауынша, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланады.
5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының шақыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен келеді.
Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін қарастырады.
6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысымен кездесті