Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Ақорда
Ақорда

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

«Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Оқи отырыңыз: Президент АҚШ сапары аясында 20-дан астам маңызды кездесу өткізді

Новости партнеров