Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентіне көңіл айтты

03.11.2024 10:35

Мемлекет басшысы Александр Вучичке жеделхат жолдады

Акорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты.

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Сербияда вокзалдың шатыры опырылып, 14 адам қаза тапты