Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

пресс-служба Акорды
пресс-служба Акорды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Анкара қаласындағы Эсенбога халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеке өзі қарсы алды.Әуе кемесінің жанына құрмет қарауылы сап түзеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Қазақстан мен Түркия президенттері әуежайда қысқаша әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік көшбасшысына көрсеткен ілтипаты үшін алғыс білдірді.

"Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

29 шілдеде қос елдің президенттері кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер өткізеді.

Оқи отырыіыз: Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Новости партнеров